GPS туралы
GPS қабылдағышы
Құрылғыда ішкі GPS қабылдағышы жоқ. GPS
байланысын қажет ететін қолданбаны пайдалану үшін
үйлесімді сыртқы GPS қабылдағышын (қосымша құрал
бөлек сатылады) қолданыңыз.
Сыртқы GPS қабылдағышын пайдаланыңыз
1 Үйлесімді GPS қабылдағышын толығымен
зарядтап, іске қосыңыз.
2 Құрылғы мен GPS қабылдағышы арасында
Bluetooth байланысын орнатыңыз.
3 GPS қабылдағышын аспанға қаратып бөгетсіз
жерге орналастырыңыз.
4 Maps бағдарламасын ашып, сыртқы GPS
қабылдағышын таңдаңыз.
Құрылғыны сыртқы GPS қабылдағышымен жалғаған
соң, тұрған орныңызды құрылғыдан көрсетуге бірнеше
минут кетуі мүмкін.
Maps бағдарламасымен карталарды шолу,
мекенжайларды және орналасқан жерлерді іздеу,
бағдарларды жоспарлау үшін GPS қабылдағышынсыз
да қолдануыңызға болады.
Бағдарламалар
57