Nokia Map Loader
Компьютерге арналған Nokia Map Loader
бағдарламасымен интернеттен карталар мен
дауыспен басқарылатын файлдарды жүктеп
алуыңызға болады. Құрылғыға жеткілікті орны бар жад
картасы салынуы тиіс. Nokia Map Loader
бағдарламасын қолданбастан бұрын кемінде бір рет
Maps бағдарламасын пайдаланып, карталарды
Бағдарламалар
55
қарауыңыз керек, себебі Nokia Map Loader
бағдарламасы жүктеп алынатын карта нұсқаларын
тексеру үшін Maps журналының ақпаратын
пайдаланады.
Nokia Map loader бағдарламасын орнату үшін,
www.nokia.com/maps торабына кіріп, нұсқауларды
орындаңыз.
Nokia Map Loader бағдарламасымен карталар жүктеп
алу
1 Құрылғыны үйлесімді USB деректер кабелі
немесе Bluetooth байланысы арқылы компьютерге
қосыңыз. Деректер кабелін қолдансаңыз, PC Suite
бағдарламасын USB байланыс әдісі ретінде
таңдаңыз.
2 Компьютерде Nokia Map Loader бағдарламасын
ашыңыз.
3 Мазмұнды және елді немесе аймақты таңдаңыз.
4 Карталарды немесе қызметтерді таңдап, жүктеп
алыңыз да, оларды құрылғыға орнатыңыз.
Nokia Map Loader бағдарламасының Service tab
тармағынан жол жүру және жол туралы ақпарат
лицензияларын, саяхат нұсқаулықтарын сатып
алуыңызға және карталарды жүктеп алуыңызға
болады.
56
Бағдарламалар