Қатынас кодтары
Қауіпсіздік коды телефоныңызды рұқсатсыз
пайдаланудан сақтандыруға көмектеседі. Кодты
құрып, өзгертіп, телефоныңызды кодты сұратып
отыратындай орната аласыз. Кодыңызды қауіпсіз,
телефоныңыздан бөлек жерге жасырыңыз.
Кодыңызды ұмытып, телефоныңыз құлыпталып қалса,
телефоныңыз жөндеуді қажет етіп, ол қосымша
шығындарға әкеп соғады. Толығырақ ақпарат алу
үшін Nokia Care орталығымен немесе
телефоныңыздың сатушысымен хабарласыңыз.
SIM картасымен бірге берілетін PIN коды картаны
рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды. Кейбір SIM
карталарымен бірге берілетін PIN2 коды кейбір
қызметтерді пайдалану үшін қажет болады. Егер сіз
PIN немесе PIN2 кодын қатарынан үш рет қате
енгізсеңіз, PUK немесе PUK2 кодын енгізу қажет
болады. Егер сізде олар болмаса, қызмет
ұсынушыңызға хабарласыңыз.
SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі мәліметтерге
рұқсат алу үшін модульдік PIN коды қажет болады.
Сандық қолтаңба үшін қолтаңба PIN коды қажет болуы
мүмкін. Тыйым салу кілтсөзі қоңырауларға тыйым салу
қызметін пайдаланғанда қажет етіледі.
10
Жалпы мәліметтер
Телефоныңыздың қатынас кодтарын және қауіпсіздік
параметрлерін қалай пайдаланатынын анықтау үшін
Мәзір
>
Параметрлер
>
Қауіпсіздік
пәрменін
таңдаңыз.