Қолдау
Өнімді пайдалану туралы қосымша ақпарат алу
немесе құрылғымен жұмыс жасау жолдарын көру үшін,
пайдаланушы нұсқаулығын, www.nokia.com/support
веб-торабындағы қолдау веб-беттерін, жергілікті
Nokia веб-торабын немесе ұялы құрылғы көмегімен
www.nokia.mobi/support веб-торабын қараңыз.
Егер бұл мәселені шешпесе, төмендегілердің біреуін
орындаңыз:
•
Құрылғыны қайта іске қосыңыз: құрылғыны өшіріп,
батареяны шығарыңыз. Бір минуттай уақыт өткен
соң, батареяны салып, құрылғыны қосыңыз.
•
Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей
зауыттық параметрлерді қалпына келтіріңіз.
•
Жақсы жұмыс атқаруы және жаңа мүмкіндіктерді
алу үшін, пайдаланушы нұсқаулығында
айтылғандай құрылғыңыздағы бағдарламалық
құралды уақытылы жаңартып тұрыңыз.
Егер мәселе шешілмей қалса, жөндету үшін, Nokia
компаниясына хабарласыңыз. Мына веб-тораптарды
Жалпы мәліметтер
11
қараңыз: www.nokia.com/repair. Құрылғыны жөндетуге
жібермес бұрын, әрқашан құрылғыдағы деректердің
сақтық көшірмесін жасап алыңыз.